Баскетболдан Қазақстан U18 қыздар құрамасы Азия кубогіне жолдама алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласындағы Sana Sport спорт кешенінде баскетболдан 18 жасқа дейінгі қыздар командалары арасында Орталық Азия аймағы бойынша Азия кубогіне іріктеу турнирі өтті. Турнирге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан ұлттық құрамалары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы топ жарып, бірінші орынға ие болды. Күміс жүлде Өзбекстан құрамасына, ал қола жүлде Қырғызстан құрамасына бұйырды. Турнир жеңімпазы атанған Қазақстан құрамасы 2026 жылдың қыркүйек айында Таиландта өтетін FIBA U18 Women’s Asia Cup турниріне жолдама алды.

Астанада іріктеу турнирінің өтуі отандық әйелдер баскетболы үшін маңызды оқиға болды. Жарыстар FIBA талаптарына толық сәйкес жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ойындарға қызмет көрсету үшін Корея мен Моңғолиядан халықаралық дәрежедегі төрешілер шақырылды.

Мұндай халықаралық турнирлерді Қазақстан аумағында өткізу әйелдер баскетболының дамуына серпін беріп, ойыншылардың, жаттықтырушылар мен төрешілердің тәжірибесін арттыруға, сондай-ақ еліміздің халықаралық спорт аренасындағы беделін нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1190040?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version