Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Алғабас ауылындағы Молдаш Қаналиев атындағы мектептің «Экоқорғаушылар» еріктілер тобы елорда төрінде маңызды кездесуге қатысты. Топ жетекшісі Нұрболат Серікұлы бастаған оқушылар Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың арнайы шақыруымен Астана қаласында болды.
Кездесу барысында қоршаған ортаны қорғау, ауылдық жерлердегі экологияны жақсарту және жастардың бастамаларын қолдау бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды. Жас еріктілер өз ойларын ортаға салып, табиғатты аялауға қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Іс-шара аясында белсенді оқушылар Батырғали Нұршат, Бердіғали Медет және Құмар Саян министрдің қолынан алғыс хат алып, еңбектері жоғары бағаланды.
Жас ұрпақтың табиғатқа жанашырлығы – болашаққа деген үлкен жауапкершіліктің белгісі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1189404?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау