ЕҢБЕК ТҮБІ – БЕРЕКЕ: КӨП БАЛАЛЫ АНАНЫҢ ТАБЫСТЫ ТАРИХЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жакакова Эльмира – көпбалалы ана, мамандығы – аспаз. 2025 жылы екінші лек бойынша мемлекеттік қайтарымсыз грантты жеңіп алып, өзінің армандаған кәсібін жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Қазір ол Есет батыр тұрғын алабында “City Fish” дәмханасын басқарып, тұрғындарға сапалы тағамдар ұсына отырып, жаңа жұмыс орындарын да жасады.

Гранттық қолдаудың арқасында Эльмира дәмхананы қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті: фритюр қазаны, мұздатқыш, тоңазытқыш, қазан және пеш сатып алды. Бұл жабдықтар жаңа тағам түрлерін әзірлеуге мүмкіндік беріп, қызмет сапасын арттырды, сонымен қатар клиенттер санын көбейтуге жол ашты.

Эльмираның айтуынша, егер адам шын жүректен еңбек еткісі келсе, мемлекет тарапынан қолдау әрқашан бар. Гранттық бағдарлама әлеуметтік осал топтағы азаматтарға, әсіресе көпбалалы аналарға, өз кәсібін ашуға және сүйікті ісін тұрақты табыс көзіне айналдыруға көмектеседі. Ол басқа әйелдерді белсенділік танытып, өз бизнесін дамытуға шақырады. «Еңбек еткеннің табысы мол болады», – дейді Эльмира, өзінің табысқа жеткен жолымен бөлісіп.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1189234?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version