2026 жылғы 17-18 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі –ОӘО), S&O IP «Smitt & Orlov intellectual Property» Компаниясымен бірлесіп Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Алтынкөл-жол» кеден бекетінің базасында «Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарын өткізді.
Аталған семинардың мақсаты – контрафактілік өнімді анықтау бойынша қызметкерлердің құзыретін арттыру болып табылады.
Күндізгі оқу семинарына «Алтынкөл-жол», «Қорғас-ШЫХО», «Нұр Жолы» кеден бекеттерінің қызметкерлері қатысты.
Дәріскерлер ретінде;
– ОӘО Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің бас маманы – Айгелов Асылхан Тулеубаевич;
– S&O IP «Smitt & Orlov intellectual Property» Компаниясының өкілі – халықаралық заңгер – Имангалиева Рената Сериковна қатысты.
Семинардың қорытындысы бойынша 15 қатысушы біліктілігін сәтті аяқтағаны туралы электронды сертификат алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1189890?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау