Маңғыстаулық оқушылар Париж қаласында өнер байқауында жүлдеге ие болды
Маңғыстаулық жас өнерпаздар Францияның Париж қаласында 36-шы халықаралық «Etoile’s de Paris» («Париж жұлдызы») өнер байқауына қатысып, жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, көпжанрлы байқауға Чехия, Армения, Болгария, Греция, Украина, Франция және Қазақстан елдерінен жас өнерпаздар қатысып, өз бақтарын сынады.
Аталған байқаудың «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы «IQ Intellectual School» гимназиясының домбыра үйірмесі жоғары нәтижелер көрсетті:
– «IQ домбырашылар ансамблі» — І орын;
– Зиятов Асылхан — І орын (жеке аспапта ойнау);
– Көпберген Аяулым — І орын (жеке аспапта ойнау);
– Алмас Адиль — І орын (жеке аспапта ойнау).
Әлем сахналарында еліміздің көк туын желбіретіп, қазақтың күй өнерін кеңінен насихаттап жүрген жетекшісі – Рахова Гулмира Зейнуллақызы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1189339?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау