Маңызды келісім: екіжақты меморандум бекітілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Нуржан Махамбетов пен Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Ернар Бектаев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.    
  Іс-шараның мақсаты  –  жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жастар саясатын жүзеге асыру бағытында бірлескен жұмыстарды дамыту.
  Бұл құжат жастар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтуге, волентер-заңгерлерді тартуға  және құқықтық білімді кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.
 Жастар – біздің болашағымыз. Олардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі  – қоғам дамуының негізі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-trk/press/news/details/1189160?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version