Меркі ауданында әскери бөлімде өрт-тактикалық сабақ өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі мен Меркі ауылы №9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері 11971 әскери бөлімі аумағында жоспардан тыс өрт-тактикалық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – өрт кезінде жеке құрамның іс-қимылдарын жетілдіру, жедел әрекет ету қабілетін арттыру және әскери бөлімдегі төтенше жағдайлардың алдын алу. Шартты өрт жағдайында өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жету, барлау жүргізу, адамдарды эвакуациялау және өртті сөндіру тәсілдерін пысықтады. Сондай-ақ арнайы техника мен құрал-жабдықтарды пайдалану көрсетілді. Іс-шараға қатысушылар қойылған міндеттерді толық орындап, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1190006?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version