НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІ АЯСЫНДА 20-наурыз ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Наурызнама онкүндігі аясында 20-наурыз ұлттық спорт күніне арналған іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Әділет департаментінің ұжымы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне қарасты құрылымдық бөлімшелердің өкілдері – сот сараптамалары институты, адвокаттар алқасы, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және нотариаттық палата өкілдері қатысты.
Мерекелік шара барысында қатысушылар ұлттық рухты дәріптейтін дәстүрлі ойын түрлеріне белсене қатысып, ләңгі тебу, арқан тартыс сынды ұлттық ойындардан өзара бақ сынасты. Ұлттық ойындар – халқымыздың бай мұрасының ажырамас бөлігі ретінде ұрпақ сабақтастығын айқындайтын маңызды құндылық екені тағы бір мәрте айқындалды.
Аталған іс-шара ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттауға, мәдени мұраны дәріптеуге, сондай-ақ қызметкерлер арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға және ұжымдық бірлікті арттыруға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1189915?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version