Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңына сәйкес, елді мекенде нотариус болмаған жағдайда нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті ауылдық округ әкімі аппаратының лауазымды тұлғасы мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасайды:
- өсиеттерді куәландырады;
- сенімхатты куәландырады;
- құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландырады;
- өтініштердегі қолдың түпнұсқалығын куәландырады.
ҚР заңнамалық актілерінде уәкілетті органның лауазымды адамдары жасайтын өзге де нотариаттық іс-әрекеттер көзделуі мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ereymen-akmyrza/press/news/details/1189315?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау