Ақтөбеде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі педагогтері арасында IT саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік кезеңі өтті.
Биыл байқауға 21 оқытушы қатысып, өз бақтарын сынады. Олар күнделікті цифрлық технологиялар саласында болашақ мамандарды даярлап жүрген тәжірибелі мамандар. Қатысушылар жоғары кәсіби дайындық деңгейін, креативті ойлау қабілетін және заманауи IT-құралдарды еркін меңгергенін көрсетті.
Байқау педагогтер үшін тәжірибе алмасуға, үздік білім беру тәжірибелерін анықтауға және бәсекелі ортада кәсіби әлеуетін ашуға тиімді алаң болды. Сайыс барысында қатысушылар желілік және жүйелік әкімшілендіру, ақпараттық қауіпсіздік, бұлттық бағдарламалау, веб-технологиялар, робототехника, 1C платформасында бизнес-процестерді автоматтандыру, сондай-ақ компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу бағыттары бойынша өз дағдыларын көрсетті.
Аталған конкурс кәсіби қауымдастықты дамытуға, дарынды педагогтерді қолдауға және өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде заманауи IT бағыттарын ілгерілетуге ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1189178?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау