Пресс-релиз 2026 жылдың 12 наурызында Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлытау облысының Тексеру комиссиясының отырысында Жаңаарқа ауданының ауылдық округтеріне бөлінген бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды. Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы Байдалы би, Қараағаш, Ералиев ауылдық округтерінде тексерулер жүргізіліп, барлығы 1 356 718,0 тыс. тенге. мың теңге бюджет қаражаты қамтылды.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемінен қаржылық бұзушылықтар анықталды – 781 560,4 мың тенге, оның ішінде бюджетке өтелуге жататыны – 9 208,6 мың теңге, бюджетке түсуге жататыны – 543,5 мың теңге, қалпына келтіруге жататыны – 404 091,1 мың теңге (бухгалтерлік есеп бойынша – 404 091,1 мың теңге). Сонымен қатар бюджет жоспарын тиімсіз жоспарлау – 351 171,8 мың теңге, тиімсіз пайдалану – 14 890,2 мың теңге, ықтимал шығындар – 1655,2 мың тенге, сондай-ақ рәсімдік сипаттағы 21 бұзушылық анықталды.

Аудит барысында қызметтің тиімділігіне әсер ететін жекелеген жүйелік шектеулер мен тәуекелдер анықталды:

– төмен кіріс базасы және меншікті кірістерді кеңейтуге ықпал ету құралдарының шектеулілігі;

– әкім аппаратының салық органдарының ақпараттық жүйелеріне тікелей қолжетімділігінің болмауы, бұл салықтарды жинауға жәрдемдесу бойынша жұмыстың тиімділігін төмендетеді;

– қолда бар мал басына қарамастан, жайылымдық жерлермен жеткілікті қамтамасыз етілмеуі, бұл жерді ұтымды пайдалану және мал шаруашылығын тұрақты дамытуға қауіп тудырады;

– инфрақұрылымдық жобаларды (жолдар, сумен жабдықтау, абаттандыру) іске асыру үшін жоғары тұрған мемлекеттік органдардың шешімдері мен қаржыландыруына жоғары тәуелділігі.

Уәкілетті органдармен (мемлекеттік кірістер органдары, аудандық жер қатынастары бөлімі, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, полиция органдары және т.б.) қажетті өзара іс-қимылдың болмауы түсімдерді формальды жоспарлауға, сондай-ақ деректерді нақты орындауға түзетуге әкелді.

Анықталған бұзушылықтар мен жүйелі кемшіліктер келесі себептерге байланысты мүмкін болды, ол қаржылық тәртіптің төмен деңгейі, әкім тарапынан бақылаудың және бухгалтерлік қызмет қызметкерлерінің кәсіби біліктілігінің жеткіліксіздігі, жүктелген өкілеттіктерді жүзеге асыруға формальды көзқарас.

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар мемлекеттік аудит материалдары 6 лауазымды тұлғаға қатысты мәселені қарап, кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тиісті мемлекеттік органдарға жолданды.

Мемлекеттік аудит объектілерінің мекенжайына анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жіберілді.

Аудиторлық іс-шараның қорытындылары Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының мәслихаты мен әкімдігіне жолданды

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomulytau/press/news/details/1189240?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version