Қостанай қаласы прокуратурасының талап арызы бойынша 2026 жылғы 3 ақпанда соттың 2025 жылғы 3 желтоқсандағы күшін жою туралы шешімі Қостанай қалалық мәслихатының 2024 жылғы желтоқсанда қабылданған қатты тұрмыстық қалдықтарды әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті 53% – ға арттыру туралы шешімі заңды күшіне енді.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №377 бұйрығын бұза отырып, тарифке тарифті есептеу әдістемесінде көзделмеген шығыстар (оның ішінде мүлік салығы, сақтандыру, контейнерлер сатып алу және нотариаттық қызметтер) заңсыз енгізілгені күшін жоюға негіз болды.
Қабылданған прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде 220 мыңнан астам тұтынушының және 3,4 мың кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары мен мүдделері қорғалды.
Қостанай облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1189739?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау