Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында «Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады.» деп атап өтті.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары Facebook, Instagram әлеуметтік желісіндегі «Шымкент қаласы бойынша еңбек инспекция Департаменті» парақшасында қала тұрғындарымен күнделікті 16-00-де тікелей эфир арқылы байланыс орнатады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана әкімдіктерінің құрылымдық бөлімшелері болып саналған еңбек инспекциясы басқармалары, жергілікті атқару органдарының тиісті актілеріне сәйкес таратылып.
Үкіметің 2024 жылғы 6-тамыздағы «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» №628 қаулысына сәйкес, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің аумақтық департаменттері құрылып 2024 жылы 1-қыркүйектен жұмыс атқаруда.
Бүгінгі күнге, мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің және аумақтық департаменттерінің құрылымы толық жасақталып қалыпты жұмыс жасауда.
Тікелей эфирдің мақсаты қала тұрғындарын еңбек қатынасы саласындағы мемлекеттік бақылаудың жай-күйі бойынша хабардар ету. Еңбек заңнамаларына түсіндірме беру, кері байланыс орнату, осы бағыттағы мәселелер бойынша арыз шағымдарын жолдауға қолайлы жағдай жасау.
Алдағы жылы министрліктің негізгі жұмысы ретінде уақытша жұмыспен қамтудан тұрақты әрі сапалы жұмыс орындарын құруға көшу, еңбек мобильділігін арттыру және білім беру жүйесін еңбек нарығының қажеттіліктерімен тығыз байланыстыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, цифрландыруды тереңдетуге және еңбек нарығын дамытуға басымдық беріледі. Әлеуметтік саясаттың басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.
Сондай-ақ, еңбек қауіпсіздігін күшейту, формальды емес жұмыспен қамтуды азайту және әлеуметтік сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасады. Министрлік алға қойылған міндеттерді іске асыру арқылы әлеуметтік-еңбек саласының орнықты дамуын қамтамасыз етуді көздеп отыр.
Өңірлерде жазатайым оқиғалардан жұмыскерлерді міндетті сақтандыру шартын жасау, еңбек шарттарын біріңғай жүйеге енгізу, ұжымдық шарттарды цифрландыру, кәсіптік тәуекелдерді бағалау және профилактикалық бақылау жүргізу жұмыстары да басым бағыттар болып қала береді.
Комитет алдағы кезеңде де мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруға, алдын алу шараларын күшейтуге және еңбек саласындағы заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз етуге басымдық бермек.
Құрметті желі қолданушылары, Сіздерге қаладағы кәсіпорындардағы еңбек қатынастарының ахуалының негізгі көрсеткіштері бойынша хабарласам.
Өткен 2025 жылы жеке және заңды тұлғалардан 2 860 (2026 жылдың 2 айында 524) жолданымдар келіп түсіп, оның ішінде еңбек қатынастары бойынша 2 857 (а.ж. 2 айында 522), еңбек қауіпсіздігі бойынша 3 (2) жолданымдар заң аясында тиісінше қаралды.
Осы жолданымдарды қарау нәтижесінде 2001 (450) (қолайлы акт қабылданған) жұмыскерлердің еңбек құқықтары қорғалған.
Өткен жылы жалпы 411 (71) тексеру жүргізіліп, 436 (74) заң бұзушылық анықталып, 199 (32) нұсқама беріліп, 20,1 млн (2,9 млн) теңге көлемінде 106 (15) әкімшілік айыппұл салынып, мемлекеттік бюджетке 16,7 млн (1,6 млн) теңге, 83% (55,1%) өндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1189860?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау