Қазақстан су саласындағы халықаралық әріптестікті кеңейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Рияд, 2026 жылғы 30 наурыз – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Ғаламдық су ұйымы негізін қалаушы тобының басшысы Фахд Балғунейммен келіссөздер жүргізді.

Сұхбат барысында тараптар су қауіпсіздігі, су ресурстарын тиімді пайдалану, сондай-ақ су шаруашылығы саласында заманауи технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.

Қазақстан Елшісі халықаралық ұйымдармен әріптестікті нығайту жаһандық су сын-қатерлерін еңсеруде маңызды екенін атап өтіп, тәжірибе алмасуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін растады.

Ғаламдық су ұйымының өкілдері Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдіріп, елдің су дипломатиясы саласындағы бастамаларды ілгерілетудегі белсенді рөлін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын пысықтауға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1189934?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version