Мемлекеттік қызмет бағыты
Облыс бойынша (орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін қоспағанда) барлығы – 143 мемлекеттік орган бар, ондағы қызметшілердің: штаттық саны – 1407, нақты саны – 1337.
2025 жылдың қорытындысы бойынша ЖАО таза ауысымдылық – 65 (4,8%) құрады.
Меритократия қағидатын нығайту, қызмет бабында ілгерілеу бойынша тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің үлесін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік органдарда, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы өткізілетін конкурстар туралы Мемлекеттік қызметшілердің хабардарлық деңгейін арттыру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
2025 жылдың 12 айы бойынша ішкі конкурстардың қорытындысы бойынша бос лауазымдарға 116 мемлекеттік қызметші тағайындалды, оның ішінде 94 бұрын төмен тұрған лауазымдарды атқарған, осылайша Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарында меритократияның үлесі 81% – құрады.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жоспарларының орындалуы қамтамасыз етілді.
2025 жылға жоспарланған 579 мемлекеттік қызметшінің (жалпы жылдық жоспар -579 адам) 100% – ы оқудан өтті, оның ішінде:
– мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау – 236;
– біліктілікті арттыру -343.
«Е-қызмет» жүйесіндегі белсенділік 12 құжаттан келеді.
Мемлекеттік қызметтің гендерлік құрамы
Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 54,3 % (1337-ден 726), басшы лауазымдар арасында 33, 2% құрайды.
Мемлекеттік қызметшілердің жас құрамы
Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 36,6 жас, бұл ретте соңғы жылдар ішінде мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 36-37 жас аралығында.
Жұмыс өтілі
Мемлекеттік қызметтегі орташа өтілі 9,1 жылды құрайды, бұл ретте саяси қызметшілердің орташа өтілі – 12,8 жыл, «Б» корпусы қызметшілерінің орташа өтілі – 9 жыл.
Атқаратын лауазымындағы орташа өтілі 3,7 жылды, саяси қызметшілерде 1,6 жылды, «Б» корпусының қызметшілерінде – 3,8 жылды құрайды.
Мемлекеттік қызметшілердің білімі
Мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 95% немесе 1273 адам жоғары білімді.
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау және Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын қамтамасыз ету бағыты бойынша
Департаментке 249 өтініш түскен болса, соның 181 бақылау бағыты бойынша.
Ең көп бұзушылықтар: конкурс тәртібін бұзу, қызметтік міндеттерін дұрыс атқармау, сыйақы және өзге бұзушылықтар.
Есептік кезеңде мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуына қатысты 40 бақылау іс-шаралары жүргізіліп, 246 бұзушылық анықталды.
Тексеру қорытындысымен мемлекеттік органдарға 30 ұсынулар енгізіліп, ұсынулар толықтай орындалды.
2024ж. 12 айында – 27 тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 33-нұсқама/ұсыныс/ұсыным енгізілген.
Әкімшілік жазалар.
Есептік кезеңде 20 әкімшілік іс, соның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 99-бабы 1 және 2 тармағымен 5 әкімшілік іс қозғалып, 206 920 теңге айыппұл салынды.
Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 89-бабы 1-тармағымен 15 әкімшілік істер қозғалып, әкімшілік хаттамалар жасақталды.
2024ж. 12 айында – 9 әкімшілік іс, соның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 99-бабы 1-тармағымен – 5, ҚР ӘҚБтК-нің 89-бабымен – 4 әкімшілік іс.
Есепті кезеңде Әдеп жөніндегі кеңестің 11 мәжілісі өткізіліп, онда 41 мәселе қаралған.
Атап айтқанда:
– 16 (39,0%) тәртіптік істер;
– 9 (22,0%) тыңдалған есептер;
– 4 (9,8%) тәртіптік комиссия жұмысы;
– 3 (7,3%) әдеп жөніндегі уәкілдің есептері;
– 2 (4,9%) жұмыс уақытының сақталуына талдау;
– 7 (17%) өзге сұрақтар талқыланды (жұмыс жоспарын бекіту, жазаны мерзімінен бұрын алуды қарау т.б.).
2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тәртіптік істер саны 9 іске артқан немесе қаралған сұрақтардың 39,0% құрайды.
Жалпы алғанда Кеңесте қаралған профилактикалық бағыттағы сұрақтар көрсеткіші – 43,9% құрайды.
2024ж. 12 ай. – 11 мәжіліс, 30 мәселе, оның ішінде 7 тәртіптік іс.
Сыни мақалалар бойынша.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызметшілер тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарында 20 жағдайда қолданыстағы заңнама талаптарының бұзылғандығы туралы сыни мақалалар жарияланып, олардың 8 дерегі өз дәлелін тапты.
Бағыныстағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілігі
2025 жылдың 12 айында облысымызда бағыныстағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін 1 квазимемлекеттік сектор қызметкерлері қатысты айыптау үкімі қабылданған. Тиісінше, тікелей басшысы (Жаңаөзен қаласының білім бөлімінің басшысы) тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бағыттары бойынша
Есепті кезеңде департаментпен аталған бағыт бойынша 38 бақылау іс-шаралары жүргізілген.
Оның ішінде:
– жоспарлы тексеру – 15;
– жоспардан тыс өтініштер бойынша – 20;
– байқау нәтижесінде – 1;
– Агенттік тапсырмасы бойынша – 2.
Тексерулер кезінде барлығы 8 272 бұзушылықтар анықталды (ОМО АБ – 2985 факті, ЖАО – 5287) .
Оның ішінде:
– мерзімдердің бұзылуы – 1634;
– мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мерзімдерінің бұзылуы – 787;
– артық құжаттар талап ету – 924;
– құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету – 719;
– негізсіз бас тартулар – 27;
– қызмет көрсету тәртібін бұзу – 2607;
– басқа бұзушылықтар 1574.
Сыртқы байқау (қашықтықтан бақылау) жүргізу нәтижесінде
15 933 бұзушылық анықталды (ОМО – 9500, ЖАО – 6433).
Қызмет көрсетудің мерзімдерін немесе тәртібін бұзу бойынша 36 хаттама толтырылып, 2 024 980 теңге) айыппұл салынып, өндірілді (ҚР ӘҚБтК 465 бабы).
Тәртіптік жауапкершілікке 42 қызметкер тартылды (ЖАО – 22, ОМО АБ – 20). Оның ішінде басшылық құрам – 11 (26%), орындаушы құрам – 31 (74%).
2025 жылы 94 өтініш түсіп, 50 қаралды, 25 қысқартылды, 19 өзге органдарға жолданды.
Есептік кезеңде 120 түсіндірме жұмыстары жүргізілген.
Бұған қоса, «Елге қызмет» телебағдарламасында жыл басынан бері 17 бағдарлама көрсетілді.
«Ең алдымен адамдар» тақырыбында 4 семинар өткізіліп, оған 79 тыңдаушы қамтылды.
Ведомствоаралық жұмыс тобының 4 отырысы өткізіліп, онда мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру бағыты бойынша 40 ұсыным енгізілген. Ұсыныстардың барлығы орындалды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
2025 жылы Маңғыстау облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда парасаттылық идеологиясын орнықтыру және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау бағытында бір қатар жұмыстар атқарды.
Жыл қорытындысы бойынша 50-ден астам іс-шара өткізілді. Атқарылған іс-шараларды нысаналы топтар мен салалар бойынша егжей-тегжей атап өтетін болсақ.
І. Жастар саясаты және білім беру саласындағы жұмыстар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды біз ең алдымен өскелең ұрпақтан бастадық. Осы мақсатта жоғары оқу орындары мен колледждерде, мектептерде келесідей іс-шаралар жүзеге асырылды:
Студенттер және мектеп оқушыларымен жұмыс:
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Колледждердің (Маңғыстау туризм, Мейірбике, Маңғыстау энергетикалық, Бейнеу гуманитарлық, Ақтау технологиялық қызмет көрсету, Политехникалық, ALT көлік, Асмет Ұлас, Есенов колледжі) және мектептердің (Ақтау қаласындағы №14, №17, №21, №23, №28, №32 және Фариза Оңғарсынова атындағы №29 мектеп-гимназиясында) қабырғаларында бірнеше маңызды шара өтті.
Атап айтқанда, «Адал азамат – абыройлы қызметтің тірегі» тақырыбында тәрбиелік сағат, 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ!» «Саналы ұрпақ – сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында TEDx форматындағы спикерлер алаңы ұйымдастырылып парасаттылық пен адалдық қағидаттары, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі мен заңнамадағы өзгерістер түсіндіріліп, құқықтық кеңес берілді. Бұл шараларда студенттер, мектеп оқушылары және оқытушылар арасында ашықтық қағидаттары бойынша біраз мәселелер талқыланды.
ІІ. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың» жұмысы
Мобильді топтың құрамына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Әділет департаменті, Полиция департаменті, «GUMOL» стратегиялық зерттеулер орталығы» коммерциялық емес мекемесінің өкілдері қатысып шалғай елді мекендердегі халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және кеңес беру мақсатында Мобильді топ облыстың түкпір-түкпіріне барды.
Атап айтатын болсақ, Маңғыстау ауданындағы Жыңғылды, Оңды және Шетпе ауылдары, Қарақия ауданының Жетібай және Мұнайшы ауылдарында, Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы, Қызылөзен, Сайын Шапағатов және Ақшұқыр ауылдарында, Жаңаөзен қаласының әкімдігінде және Қызылсай ауылында, Бейнеу ауданының Сарға ауылында, Мұнайлы ауданының Батыр ауылдық округінде және Ақтау қаласындағы Қ.Сыдиықов атындағы облыстық кітапханасында мобильді топ тұрғындарға тегін құқықтық көмек және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ІІІ. Мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік сектормен жұмыс
Мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен жауапкершілігін арттыру – басты назарда болды.
- Құқық қорғау және қадағалау органдары:
Сот әкімшілігіне, Сот сараптамалары институтына, Төтенше жағдайлар департаментіне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен кездесу өткізіліп, мемлекеттік қызметшілердің құмар ойынға (лудомания) қатысудан бас тарту, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және Әдеп кодексін сақтау мәселелері қаралды.
- Әлеуметтік және экономикалық блок:
Денсаулық сақтау саласы, Ұлттық статистика және Қазынашылық, Экология және Ауыл шаруашылығы (Балық шаруашылығы және Ветеринария басқармаларында), Мемсараптама және Мәдениет үйымының мемлекеттік қызметшілеріне жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, әдеп нормаларын сақтау бойынша арнайы семинарлар өтті.
- Квазимемлекеттік сектор:
«КМГ Инжиниринг» ЖШС және Қазақ Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институтына Мұнай-газ саласы қызметкерлеріне комплаенс қызметінің тиімділігі және 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдама таныстырылды.
«Өзенмұнайгаз» АҚ: 2025 жылғы 24 желтоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында, Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» АҚ алаңында Департамент басшысының төрағалығымен жергілікті атқарушы органдарының, комплаенс-қызметкерлерінің және ұжымға қарасты мекеме қызметшілерімен кездесу ұйымдастырылды.
Жиынға Департамент басшысы, «ӨзенМұнайГаз» АҚ Бас директоры, Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары, комплаенс-қызметінің өкілдері және өндірістік персонал қызметкерлері қатысты. Кездесудің басты мақсаты – сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, комплаенс-қызметінің ашық әрі, адал жемқорлыққа қарсы талдау жүргізу.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы ауқымды жұмыстар, заңнамадағы өзгерістер және 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы туралы, сонымен бірге комплаенс қызметінің квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі тиімділігі жөнінде айтылды. Сонымен қатар, мүдделер қақтығысын тиімді реттеу тетіктерін енгізудің өзекті мәселелері талқыланып, «ӨзенМұнайГаз» АҚ қызметінде ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын ілгерілетудің ерекше маңыздылығын атап өтті.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ: Департамент басшысы төрағалығымен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын қатаң сақтау және ұйымда тұрақты этикалық мәдениетті қалыптастыру үшін персоналды жалдау және басқару процесінде комплаенс-бақылау жүйесін құру және жетілдіру бойынша қатысушыларда жүйелі түсінік пен практикалық дағдыларды қалыптастыру бағытында комплаенс-қызметкерлерінің қатысуымен оқыту семинары өткізілді.
- Қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл
Азаматтық қоғамды тарту мақсатында келесі шаралар атқарылды:
- «AMANAT» партиясы: Партия жанындағы Республикалық кеңес отырысында Сайлауалды бағдарламаның Жол картасын іске асыру барысы талқыланды.
- Зияткерлік сайыс: Республика күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасында «Адал қоғам» атты Quiz сайысы ұйымдастырылып, 100-ге жуық қызметкер қатысты.
- Азаматтық белсенділік тренингі: Тұрғындарға мемлекеттік органдармен тиімді диалог орнату және заңбұзушылықтарды тіркеу әдістері үйретілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмысы
2025 жылы Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2 отырысы өтіп, жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдардың орындалу барысы туралы 7 мәселе қаралды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау мен мониторинг
2025 жылы Маңғыстау облысының туризм басқармасында және Ақтау қаласы әкімдігінің “Ақтау электр желілері басқармасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді.
Жиыны 20 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды, олардың ішінде 20 ұсыным тәуекелдерді жою жөніндегі жоспарға сәйкес іске асырылды.
Алдағы уақытта аталмыш жұмыстар қоғамдағы әділеттілік пен ашықтық қағидаттарын нығайту мақсатында өз жалғасын табатын болады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1189986?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау