Қылмыстық-атқару жүйесі №6 мекемесінде сотталғандардың құқықтарына мониторинг жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Гүлнара Жанбекова сотталғандардың құқықтарының сақталуын мониторингтеу шеңберінде қылмыстық-атқару жүйесі №6 мекемесіне барды.
Сапар барысында мекеме қызметкерлерімен жұмыс кездесуі өткізіліп, онда сотталғандарға қатысты азаптауларға және өзге де қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынасқа жол бермеу мәселелері талқыланды. Адам құқықтары саласындағы заңнама талаптары мен халықаралық стандарттарды сақтау, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, сотталғандарды жеке қабылдау өткізілді. Қабылдау барысында ұстау жағдайлары, медициналық қамтамасыз ету және олардың құқықтарын іске асыру мәселелері бойынша жолданымдары қаралды.
Сапар қорытындысы бойынша сотталғандардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін нығайтуға, мекеме қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін арттыруға және адам құқықтарының бұзылуының алдын алуға бағытталған ұсынымдар әзірленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aqmola-oblysy/press/news/details/1190053?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version