Қыздың шаш өрімі – ұлттық дәстүр мен әсемдіктің белгісі Танымдық шара

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қабанбай ауылдық мәдениет үйінде ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Қыздың шаш өрімі – ұлттық дәстүр мен әсемдіктің белгісі» атты танымдық шара өтті.

Аталған шара барысында ауылдық кітапхана қызметкерлері қазақтың қыз шашын өру дәстүрін кеңінен таныстырып, оның тәрбиелік мәні мен ерекшеліктеріне тоқталды. Қатысушыларға қос бұрым, үш бұрым сияқты шаш өру үлгілері көрсетіліп, олардың әрқайсысының мағынасы түсіндірілді.

Іс-шараға мәдениет үйінің қызметкерлерімен қатар ауыл ақсақалдары мен әжелері де қатысып, шаш өру дәстүрінің маңызын насихаттап, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, шашы өрілген қызға ақ тілектерін арнап, баталарын берді.

Шара барысында қыз баланың тәрбиесі, әдептілігі мен сұлулығын айшықтайтын шаш өрімінің маңызы ерекше екені айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1189417?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version