Қызылордада гарнизондық жиын өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы алаңында гарнизондық жиын өтті. Іс-шараны Департамент бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Тоқтыбаев Серік Әбдімауленұлы өткізді.  Жиын барысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 27–29 наурыз аралығында облыс көлемінде өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсат-міндеттері түсіндірілді.  Іс-шара барысында жеке құрам күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Негізгі мақсат – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.  Қала тұрғындары мен қонақтарына жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертіледі. Жолдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.  Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау бағытындағы полиция қызметінің негізгі міндеттері түсіндіріліп, саптық бөлімше командирлеріне нақты тапсырмалар жүктелді.  Жиын соңында жеке құрам салтанатты саппен жүріп өтіп, Қызылорда қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметіне кірісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1189171?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version