СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңір прокуратурасы ұйымдастырған ауқымды профилактикалық іс-шараға қатысты. Тәртіп сақшылары колледж студенттеріне діни сипаттағы кез келген ақпаратты тек ресми дереккөздерден алу қажеттігін еске салды. Полицейлер сыни ойлаудың, ақпараттық қауіпсіздіктің маңыздылығына және заңсыз әрекеттерге тартылуға жол бермеу керектігіне ерекше назар аударды.
Сондай-ақ, басқарма қызметкерлері департаменттің жеке құрамына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Арнайы шақырылған конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының теологы Елизавета Березина полицейлерге деструктивті діни ағымдардың белгілерін, азаматтарды тарту әдістерін, сондай-ақ радикализацияның ерте белгілерін, оның ішінде мінез-құлықтың өзгеруі, әлеуметтік оқшаулану және интернет-ресурстар арқылы ықпал ету сияқты факторларды түсіндірді.
Бұдан бөлек, полицейлер діни саладағы құқықбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бағытында жұмыс жүргізуде. Тыйым салынған символикаларды анықтау және қоғамда алауыздық туғызуы мүмкін материалдардың таралуының алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілуде.
Полицияда атап өткендей, профилактикалық шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, ұлтаралық келісімді нығайтуға және өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1189576?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау