Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің Ақкөл ауылы №13 өрт сөндіру бекетінің жеке құрамы жоспарға сәйкес жанармай құю станциясында өрт-тактикалық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – жеке құрамның тактикалық және арнайы дайындығын жетілдіру, өрт кезіндегі жағдайды дұрыс бағалау, қолда бар күштер мен құралдарды тиімді пайдалану арқылы кәсіби шеберліктерін арттыру болды. Оқу-жаттығу барысында нысанның ерекшеліктерімен танысу, ықтимал төтенше жағдайларға әрекет ету алгоритмдерін пысықтау, сондай-ақ тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді. Осындай іс-шаралар өрт сөндіру бөлімдерінің жауынгерлік дайындығын арттыруға және төтенше жағдайларға жедел әрі тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1189603?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау