Ақтау қаласында Каспий теңізі жағалауында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде. Аумақ балдырлар, лай мен тастардан сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартылып жатыр.
Аталған жұмыстар 4А шағын ауданында жеке кәсіпкердің демеушілігімен жүзеге асуда. Бұл жұмыстардың мақсаты – демалыс орындарының экологиялық жағдайын жақсарту және жазғы маусымда қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы орта қалыптастыру.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1190079?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау