Үздіктер додасы: Қарағанды академиясында республикалық байқау қорытындыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     ҚР ІІМ Қарағанды академиясы базасында “Үздік тергеуші” және “Үздік заңгер” республикалық слет-байқауы мәресіне жетті.

     Іс-шара барысында ішкі істер министрінің орынбасары С.Адилов төрағалығымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Онда байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар, наградалар және естелік сыйлықтар табысталды.

     Шараға сондай-ақ Қазтұтынуодағы университетінің проректоры, профессорлық-оқытушылық құрам өкілдері және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

     “Үздік тергеуші” байқауының қорытындысы бойынша:

     — үшінші орынды Түркістан облысы полиция департаменті Төлеби ауданы полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі А.Қасымов иеленді;

     — екінші орын Қарағанды облысы полиция департаменті Шахтинск қаласы полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі Д.Сағадиевке берілді;

     — бірінші орынды Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасының Қостанай тобының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Б.Қустаев жеңіп алды.

     Бұдан бөлек, байқауға қатысқан өзге де үміткерлер түрлі номинациялармен марапатталып, алғыс хаттарға ие болды.

     “Үздік заңгер” байқауының қорытындысы бойынша:

     — үшінші орынды Қарағанды академиясының курсанты С.Тұрсын иеленді;

     — екінші орын А.Құсайынов атындағы Еуразиялық гуманитарлық институтының студенті А.Қапасовқа берілді;

     — бірінші орынды Тұран-Астана университетінің студенті К.Филиппи иеленді.

     Байқаудың басқа қатысушылары да түрлі номинациялар алып, алғыс хаттармен марапатталды, сондай-ақ ішкі істер органдарында қызмет атқаруға шақырту алды.

     Іс-шараның ресми бөлігінен кейін қатысушылар мен қонақтарға арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.

     Жалпы, мұндай байқауларды өткізу қатысушылардың кәсіби деңгейін арттыруға, практикалық дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1189134?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version