«Заң мен Тәртіп» қағидасы аясында тиісті органдардың қатысуымен кездесу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен Тәртіп» қағидасы аясында «Айқын нәтиже» жобасының іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Байғанин ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен қайта қылмыс жасаудың алдын-алу мақсатында «Шаңырақ» отбасын қолдау орталығында тиісті органдардың қатысуымен кездесу өткізілді.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында қайта қылмыс жасау дерегі тіркелген жоқ.

Бүгінгі күні есепте тұрған 24 адамның 2-і жұмыссыз болса, 2 сотталған екінші/үшінші топ мүгедектері.

Кездесу барысында жұмыссыз сотталғандарды жұмыспен қамту үшін тиісті органдарға тапсырмалар берілсе, «FSM Social» жүйесі арқылы сотталғандарға әртүрлі бағыттарда әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1189810?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version