ТҮЛКІБАСТА ЖЫЛЫНА 50 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАДА 1 200 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Түлкібас ауданындағы Жабағылы ауылы маңында салынып жатқан «Қарқын Трейд» ЖШС-ң құс фабрикасының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Аудан әкімі Асқар Естібаев нысанға барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
Қазіргі таңда құрылыс алаңында 80-ге жуық жұмысшы еңбек етуде. Олар бір мезетте 5 құс фермасының құрылысын жүргізіп жатыр. Фабриканы биыл мамыр-тамыз айлары аралығында аяқтау көзделген. Жобаның алғашқы кезеңінде жылына 15 мың тонна тауық етін өндіретін желі іске қосылады. Ал, толық қуатына шыққанда фабрика жылына 48 мың тоннаға дейін құс етін өндіруге мүмкіндік алады.
Жобаның жалпы инвестициялық құны – 53,7 млрд теңге. Қаржыландырудың бір бөлігі «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» арқылы бөлінген 5 млрд теңге несие есебінен жүзеге асырылуда. Ал қажетті инфрақұрылым мемлекет тарапынан жүргізілуде. Кәсіпорын іске қосылғанда 1 200-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Фабрика 517,7 гектар аумаққа орналасады. Жоба аясында 96 құс фермасы, инкубатор, құрама жем өндіретін зауыт, газ-электр станциясы, құс сою және қалдықтарды өңдеу цехтары, сондай-ақ, заманауи тоңазытқыш қоймалар салу қарастырылған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
___________
В ТЮЛЬКУБАСЕ НА ФАБРИКЕ ПО ПРОИЗВОДСТВУ МЯСА ПТИЦЫ БУДЕТ ТРУДОУСТРОЕНО 1 200 ЧЕЛОВЕК
В Тюлькубасском районе в районе села Жабагылы ведется интенсивное строительство строящейся птицефабрики ТОО “Каркын Трейд”. Аким района Аскар Естибаев посетил объект и ознакомился с ходом строительных работ.
В настоящее время на строительной площадке трудятся около 80 рабочих. Они одновременно ведут строительство 5 птицеферм. Завод планируется завершить в мае-августе текущего года. На первом этапе проекта будет запущена линия по производству 15 тыс. тонн куриного мяса в год. При выходе на полную мощность фабрика получит возможность производить до 48 тыс. тонн мяса птицы в год.
Общая инвестиционная стоимость проекта – 53,7 млрд тенге. Часть финансирования осуществляется за счет кредита в размере 5 млрд тенге, выделенного через “Социально-предпринимательскую корпорацию “Туркестан”. А необходимая инфраструктура ведется государством. При запуске предприятия будет обеспечена постоянной работой более 1 200 человек. Фабрика будет располагаться на площади 517,7 га. В рамках проекта предусмотрено строительство 96 птицеферм, инкубаторов, комбикормовых заводов, газоэлектростанции, цехов по убою птицы и переработке отходов, а также современных холодильных складов.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1189443?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау