Мекемеде Әдеп уәкілі тарапынан жас мемлекеттік мамандарға жеке қабылдау ұйымдастырылды. Қабылдау барысында мемлекеттік қызметшілердің
Әдеп кодексі талаптарын сақтау, қызметтік әдеп нормалары, ұжымдағы кәсіби қарым-қатынас мәдениеті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Әдеп уәкілі жас мамандарға мемлекеттік қызметте адалдық, әділдік, жауапкершілік және ашықтық қағидаттарын басшылыққа алудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, қызметтік тәртіпті сақтау, азаматтармен жұмыс істеу барысында сыпайылық пен кәсібилік таныту қажеттігі жөнінде ұсыныстар берілді.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті түсіндірмелер алды.
Мұндай кездесулер жас мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына және қызметтік әдеп мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-trk/press/news/details/1189146?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау