«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ жабайы жануарлардың маусымдық қоныс аудару кезеңі басталғаны туралы хабарлайды.
Маусымдық көші-қон негізінен наурыз айының үшінші онкүндігінен бастап сәуір айының екінші онкүндігі аралығында өтеді. Осы кезеңде жабайы жануарлар түнгі және таңғы ерте уақытта белсенді болып, күндізгі мезгілде жайылып, қозғалысы баяулайды.
Қоныс аудару бағыттары «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ филиалдары бойынша мынадай аумақтарды қамтиды:
• Сарқан филиалы жануарлары: Жансүгіров – Қойлық ауылдары аралығы;
• Лепсі филиалы жануарлары: Қойлық – Қабанбай ауылдары аралығы;
• Алакөл филиалы жануарлары: Көлбай – Үшарал қаласы аралығы.
Осыған байланысты, көлік жүргізушілерінен көші-қон жолдарына жақын аумақтарда жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, сағат 18:00–07:00 аралығында жылдамдықты шектеуді және ескерту белгілеріне ерекше назар аударуды сұраймыз!
«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ мәліметі бойынша дайындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-yntaly/press/news/details/1189420?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау