Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова №3 аумақтық округтің тұрғындарымен жоспарлы кездесу өткізді. Жиын №26 орта мектепте өтіп, оған ауыл тұрғындары, сала мамандары мен жауапты бөлім басшылары қатысты. Кездесу барысында аудан әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асуы және алдағы жоспарлар туралы кеңінен баяндады.
Сонымен қатар тұрғындарды толғандырған мәселелерге ерекше назар аударылып, олардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Жиында жол сапасы, ауыз су, жарықтандыру, қоғамдық көлік, білім мен денсаулық сақтау салаларына қатысты бірқатар өзекті сұрақтар көтерілді.
Тұрғындар өздерін алаңдатқан мәселелерді ашық айтып, нақты шешімдер қабылдауды сұрады. Өз кезегінде Қарлығаш Әмірқызы әрбір көтерілген мәселе назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
Кейбір мәселелер бойынша нақты мерзімдер белгіленіп, жүйелі жұмыс жүргізілетіні айтылды. Мұндай кездесулер халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, өзекті мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Аудан әкімі алдағы уақытта да тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жалғасын табатынын жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhibekzholy/press/news/details/1189966?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау