Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері электр орталықтарында жылыту маусымының өту барысын апта сайын көшпелі мониторинг жүргізуде.
Жылу көздеріндегі температуралық режимдер сақталуда, отын қоры белгіленген нормативке сәйкес келеді.
Жүйелік оператордың бекітілген кестесіне сәйкес 2026 жылға электр станцияларында 9 энергия блокты, 55 қазандықты және 51 турбинаны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.
Жылыту маусымының өтуі мен жөндеу жұмыстарының барысы Комитеттің тұрақты бақылауында.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kaenk/press/news/details/1189201?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау