Бүгін Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сыздықов Нұрбек Әбдібекұлы Департаментпен бекітілген жоспардан тыс тексеру тағайындау актісіне сәйкес Отырар аудандық білім бөліміне қарасты «№1 жалпы білім беретін мектеп» КММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру барысында Нұрбек Әбдібекұлы мектеп еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып, еңбек заңнамасының сақталуы, қызметкерлермен еңбек шарттарының жасалуы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы, сондай-ақ жұмыс берушінің еңбек қатынастарына байланысты міндеттемелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау