🔰 ТӨЛЕБИ: ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН САҚТАНДЫРУ – ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ МІНДЕТІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ағымдағы жылдың 30 наурыз күні Департаментпен бекітілген «Түркістан облысында қызметкерлерді жазатайым жағдайлардан сақтандыру туралы “Мемлекеттік аннуитеттік компания” өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ-ның өкілімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес Төлеби ауданында кезекті кездесу өтті.
 
Кездесуге Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Смадияр Алдияр Шаниярұлы, Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.а. Тұрғынбеков Сәбит Елтайұлы, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Абдуллаев Руслан Мұратұлы және Төлеби ауданында орналасқан жазатайым жағдайлардан сақтандыру шарттарын жасамаған кәсіпорын иелері, жеке меншік мектеп және балабақша өкілдері қатысты.
 
Кездесу барысында қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Смадияр Алдияр Шаниярұлы, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Руслан Мұратұлы баяндама жасады.
 
Одан әрі, кездесуге қатысушы кәсіпорын иелері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты заңға сәйкес жауаптар беріліп, ұсыныстар тыңдалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1190317?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version