2026 жылғы 30 наурызда Заречное ауылында депутаттардың кезекті есептік кездесуі өтті. Қостанай аудандық мәслихатының депутаттары А.Е. Алимова мен М.А. Растегаева Заречное ауылындағы жайлы мектептің педагогикалық ұжымымен кездесу өткізді.
Аудандық мәслихаттың 5-ші сайлау округі бойынша депутаты А. Алимова мәслихаттың, тұрақты комиссиялардың жұмысы және өзінің депутаттық қызметі туралы 2025 жылғы есепті ұсынды, сондай-ақ сайлаушылар қойған сұрақтарға жауап берді.
Кездесу соңында депутаттар партияның жаңа мүшелеріне партия билеттері мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kostanay-reg/press/news/details/1190292?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау