2026 жылдан бастап қандай өзгерістер болды?
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енді. Осыған сәйкес бірыңғай жер салығы алып тасталды
Енді шаруа және фермер қожалықтары арнайы салық режимін қолданады (84-тарау)
Қандай салық төлейді?
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 702-бабына сәйкес:
Жалпы табыстың 0,5% мөлшерінде жеке табыс салығы төленеді
Салық салу объектісі (703-бап):
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу және өткізу қызметінен алынған жалпы табыс
Салық кезеңі
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 704-бабына сәйкес:
Салық кезеңі — күнтізбелік жыл
Қандай есептілік тапсырылады?
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 705-бабына сәйкес:
Жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырылады
Декларацияда:
жалпы табыс
есептелген салық сомасы көрсетіледі
Тапсыру мерзімі
Декларация келесі жылдың 31 наурызына дейін тапсырылады
Жер пайдаланылмаса не болады?
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 509-бабына сәйкес:
Ауыл шаруашылығы жерлері пайдаланылмаса немесе мақсатсыз қолданылса жер салығы 40 есеге дейін өседі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1190244?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау