2026 жылы салық есептілігін тапсыру мерзімін ұзартуға бола ма?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енді, ол салық есептілігін тапсыру тәртібін едәуір өзгертеді.

Негізгі жаңашылдықтардың бірі — салық есептілігін тапсыру мерзімін ұзарту мүмкіндігінің жойылуы.

Енді барлық есептер заңнамада белгіленген мерзімдерде қатаң түрде тапсырылуы тиіс, ешқандай ерекшеліксіз.

Егер есептілік уақытында тапсырылмаса, салық органдарының жүйесі автоматты түрде нөлдік көрсеткіштермен нысанды қалыптастырады.

Нөлдік көрсеткіштермен есептілікті автоматты түрде қалыптастыру үшін тиісті нысандарды салық төлеушінің жеке кабинетінде алдын ала белгілеу қажет.

Айта кетейік, бұл функционал қазіргі уақытта СӘИЖ ақпараттық жүйесінде қолжетімсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1190469?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version