7 кезеңнен сүрінбей өтіп, жүлделі болған түркістандық полицей

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Республика көлемінде тергеушілер арасында ұйымдастырылған «Үздік тергеуші» байқауы өз мәресіне жетті. Аталған байқауда Түркістан облысы Полиция департаментінің намысын қорғаған Төлеби ауданы полиция бөлімінің аға тергеушісі Ақиқат Қасымов жүлделі ІІІ орынға ие болды. Ол облыс атынан жалғыз қатысып, жоғары кәсіби шеберлігі мен біліктілігін көрсете білді.
 
Үздік тергеуші байқауы – бейневизитка арқылы таныстыру, құқықтық білім бойынша тестілеу, блиц-турнир, эссе жазу, атыс даярлығы бойынша сынақ, оқиға болған жерді қарау, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы түзу бойынша 7 кезеңнен тұрды. Көрсетілген барлық кезеңдерде түркістандық полицей өзге әріптестерінен ерекшеленіп, жоғары жетістіктерге жетті.
 
Айта кету керек, «Үздік тергеуші» байқауы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға, практикалық дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ аумақтық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.
 
Полиция майоры А.Қасымов: «Бұл байқау – қызметкерлерді шыңдауға берілген үлкен мүмкіндік. Менің үздіктер қатарынан көрінуім – басшылықтың маған артқан сенімінің нәтижесі»-деп атап өтті. Әріптесімізді жетістігімен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тілейміз!
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1190796?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version