2026 жылғы 30 наурызда Абай облысы бойынша тексеру комиссиясында Абай облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Абай облысының білім басқармасы, Семей қаласының білім бөлімі, Абай облысының қаржы басқармасы, Абай облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің өкілдері, сондай-ақ Семей қаласындағы колледждердің директорлары мен бухгалтерлері шақырылды.
Іс-шара барысында комиссия мүшесі А.А. Арғынғазина техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы ақпарат ұсынып, олардың туындауына ықпал еткен негізгі себептер мен жағдайларды атап өтті.
Комиссия төрағасы Н.Б. Таушов өткізілген іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға колледждер қызметінде осындай бұзушылықтардың орын алуына жол бермеу бойынша практикалық шараларды талқылауды ұсынды. Шақырылған басқармалар, білім бөлімі және департамент өкілдері бар проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі өз ұстанымдарын білдіріп, талқылау барысында колледж директорларымен бірлесіп оларды реттеудің ықтимал жолдары бойынша ортақ түсінікке келді.
Сонымен қатар колледж директорлары өздерінің ағымдағы қызметінде туындайтын бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді. Талқылау қорытындысы бойынша аталған мәселелер қарастырылып, оларды шешу жөнінде тиісті ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomabay/press/news/details/1190428?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау