Абай облысының бес тұрғыны теміржол вагондарынан мыс концентратын ұрлағаны үшін сотталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы ақпан айында Семей станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлерінің үйлесімді әрі кәсіби жұмысының нәтижесінде теміржол құрамдарынан жүк ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бес адамнан тұратын топ анықталып, ұсталды. Олардың барлығы Абай облысының тұрғындары.

Тергеу барысында күдіктілердің Қытайға бағыт алған вагондардан мыс концентратын ұрлағаны белгілі болды. Ұрланған жүктің жалпы салмағы 4020 килограмды құрады, ал келтірілген материалдық шығын көлемі 6,8 миллион теңгеден асты.

Сот процесі барысында топ мүшелерінің кінәсі толық дәлелденді. Сот оларды ірі көлемдегі ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Қазіргі таңда келтірілген залал толық өтелді.

 

Айта кету керек, Көліктегі полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету бағытында тұрақты түрде кешенді жұмыс жүргізуде. Осы бағытта теміржол көлігіндегі жүк ұрлықтарының алдын алу, анықтау және жолын кесуге бағытталған профилактикалық және жедел-іздестіру іс-шаралары жүзеге асырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1190924?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version