Анталия қаласында 27-30 наурыз аралығында өткен таеквондодан (WT) “Turkiye Open” халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.
Беделді додада Абай облысының спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
3 орын – Өркен Шахнұр (48 кг салмақ дәрежесі)
3 орын – Қайратов Диас (51 кг салмақ дәрежесі)
Спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы – Аманбаева Майсара.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жаңа жетістіктер тілейміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1190273?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау