Ағымдағы жылдың 30 наурызында Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімімен «ADK RIVER» сауда ойын-сауық орталығында кәсіпкерлерге арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында кәсіпкерлерге тауар белгілерін құқықтық қорғау, оларды тіркеу тәртібі және кәсіпкерлік қазметте зияткерлік меншік қорғаудың маңызы туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ тауар белгілерін заңсыз пайдалану мәселелеріне және мұндай бұзушылықтар үшін заңнамада көзделген жауапкершілік түрлеріне ерекше назар аударылды. Кәсіпкерлерге құқық иесінің рұқсатынсыз бөтен тауар белгісін пайдалану азаматтық-құқықтық, әкімшілік және кейбір жағдайларды қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екендігі туралы айтып түсіндірілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу кәсіпкерлердің құықтық сауаттылығын арттыруға және тауар белгілерін пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1190858?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау