30 наурыз күні Ақтау әкімдігінде қала әкімі Әбілқайыр Байпақовтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Отырыста шаһардың санитарлық тазалығы, заңсыз сауда нысандарының жай-күйі, абаттандыру жұмыстарының сапасы, жол инфрақұрылымының жағдайы және коммуналдық саладағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.
Жиын барысында қала әкімі жауапты сала басшыларына анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюды, сондай-ақ тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты әрі нәтижелі шараларды күшейтуді тапсырды.
Сонымен қатар, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол белгілері мен бағдаршамдарды ретке келтіру, жаяу жүргіншілер өткелдерін жаңғырту, сондай-ақ жолдардың шұңқырларын уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі ерекше атап өтілді.
– Қаланың көркі мен инфрақұрылымының сапасы – тұрғындардың күнделікті жайлылығының басты кепілі. Сондықтан барлық бағытта жүйелі, үйлесімді және сапалы жұмыс жүргізілуі тиіс, – деді қала әкімі Әбілқайыр Байпақов.
Жиын қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауға алынатыны атап өтілді.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1190893?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау