Екібастұз қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында ашық есік күні өткізілді. Аталған іс-шараға нотариустар Н. Абельдинова мен А. Шаймарданова, адвокат Е. Мұсабеков, жеке сот орындаушы С. Касенов, Екібастұз қаласы бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Д. Құсайынова, Екібастұз ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімінен А.Белгішева, сондай-ақ Екібастұз ХҚО басшысының міндетін атқарушы М. Мадиярова қатысты.
Іс-шара Наурыз мерекесін атап өту аясында ұйымдастырылды. Ашық есік күні барысында азаматтарға көші-қон, мүлікті тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және өзге де құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріліп, қойылған сұрақтарға жауаптар ұсынылды.
Шараның негізгі мақсаты – халыққа құқықтық көмек көрсету және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/1190890?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау