Бүгін аудан әкімі инвесторлармен маңызды кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған бірқатар инвестициялық жобалар таныстырылды.
Атап айтқанда, инвесторлар Майшұқыр ауылдық округінде құс шаруашылығын дамыту, ал Кеңбидайық ауылдық округінде сүтті бағыттағы ірі қара мал өсіріп, сүт өнімдерін өндіру жобаларын жүзеге асыруды ұсынды. Бұл бастамалар ауыл экономикасын нығайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға зор мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда ауданымызда ауыл шаруашылығын дамыту, оның ішінде құс және мал шаруашылығын өркендету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл өз кезегінде ауылдық елді мекендердің дамуына, халық санының артуына және өңір экономикасының тұрақты өсуіне оң әсерін тигізеді.
Кездесу барысында аудан әкімі ұсынылған жобалардың маңыздылығын атап өтіп, ауыл әкімдері мен тиісті бөлім басшыларына инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуді, олардың бастамаларын жүзеге асыруға барлық қажетті жағдай жасауды тапсырды.
Аталған жобалар алдағы уақытта ауданның ауыл шаруашылығы әлеуетін арттырып, өңірдің дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-korgaljin/press/news/details/1190240?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау