Облыс прокурорының тапсырмасы негізінде қоршаған ортаны қорғау бағытында жауапты мемлекеттік органдармен бірнеше мобильдік топтар құрылды.
Мобильдік топтар 10 қызметтік автокөлікпен, 2 аэрокайықпен, 5 квадрациклмен, дрондармен және басқа да арнайы техникалармен қамтамасыз етілді.
Бүгінде заңсыз ауланған 513,6 кг балық, 57 дана балық аулау құралдары және 5 мотокөлік тәркіленді.
Нәтижесінде 36 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Ата заңымыздың 38-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
Мобильдік топ өз жұмысын белсенді түрде орындауда! Қылмыстық кодекстің 335, 339 және 339-1-баптарына сәйкес 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ЕСКЕРТЕМІЗ!
Атырау облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-atyrau/press/news/details/1190356?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау