Электронды тіркеу бойынша
Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 14-2 бабының талаптарына сәйкес, тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама негізінде автоматты режимде енгізіледі, яғни «Электронды Үкімет» веб-порталы арқылы ұсынылатындығы назарға салынады.
Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар мынадай:
1) акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері өзгерген;
2) басшы өзгерген (басшы тағайындалған, басшының міндетін атқарушы тағайындалған, заңды тұлғаның мүлкін және қызметін басқарушы тағайындалған, басшы лауазымынан шеттетілген);
3) осы Заңның 14-1-бабында көзделген талаптарды қоспағанда, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген;
4) жарғылық капиталдағы үлес сенімгерлік басқаруға берілген;
5) шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталы ұлғайған;
6) экономикалық қызметтің негізгі түрі өзгерген;
7) саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамы өзгерген;
заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесі өзгерген кезде енгізіледі.
Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу және өзге де мәліметтеріне өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама берілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде енгізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1191017?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау