Елордалық спортшы Еуропа кубогының қола жүлдегері атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Хорватияның Дубровник қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогының жарысы өтті. Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын қорғаған астаналық спортшы Тұрсынақынова Толқын сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биылғы додаға әлемнің 32 елінен 305 спортшы қатысып, күштерін сынады.

+78 келі салмақ дәрежесінде белдескен ол қарсыластарын жеңіп, нәтижесінде үшінші орынға тұрақтап, қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, халықаралық турнир 31 наурызға дейін жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1190467?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version