Құрметті білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогикалық ұжымдары!
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» КММ «Үздік орта білім беру ұйымы» грантын тағайындау бойынша аудандық кезеңнің өткізілетінін хабарлайды және аталған грантты тағайындау жөніндегі жыл сайынғы конкурстың I кезеңіне қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың басталғанын жариялайды.
Конкурстың мақсаты:
Тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені анықтау, жинақтау және тарату, сондай-ақ басшылар мен педагогтердің кәсіби өсуін ынталандыру.
Өткізу күні мен уақыты:
2026 жылғы «30» сәуір.
Конкурсқа қатысушылар:
Конкурсқа барлық түрдегі мемлекеттік орта білім беру ұйымдары қатыса алады.
Құжаттарға қойылатын талаптар:
Конкурсқа қатысу үшін ұйымдар «Гранттар конкурсы» деген белгісі бар мөрленген конвертте конкурстық комиссияға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 544 бұйрығымен бекітілген «Үздік орта білім беру ұйымы» грантын тағайындау қағидаларына сәйкес келесі материалдарды ұсынады:
Конкурсқа қатысуға өтінім;
11 критерий бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілгенін растайтын ақпараттық-талдамалық материалдар, оның ішінде:
заманауи АКТ енгізу және жаңа модификациядағы кабинеттермен қамтамасыз етілуі;
«Алтын белгі» белгісімен және үздік аттестатпен бітірген түлектер санының динамикасы;
кадрлық әлеует (жоғары және бірінші санатты педагогтердің үлесі, аттестаттау нәтижелері);
инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау;
қауіпсіздікті қамтамасыз ету (бейнебақылау, турникеттер) және денсаулықты сақтау (ыстық тамақ, спорт секциялары).
Іріктеу тәртібі:
Аудан әкімінің орынбасары басқаратын конкурстық комиссия ұсынылған материалдарды тіркеп, бекітілген рейтингтік көрсеткіштер негізінде бағалайды. I кезеңнің қорытындысы бойынша екінші (облыстық) кезеңге қатысуға ұсынылатын ұйымдар анықталады.
Құжаттарды қабылдау орны:
Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті.
Белгіленген мерзімнен кеш тапсырылған құжаттар қабылданбайды.
Анықтама үшін телефон: 8 (7152) 22-3-33.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-roo/press/news/details/1191064?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау