КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ 40-СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Кентау қаласында қалалық мәслихаттың кезекті 40-сессиясы өтіп, тиісті шешімдер қабылданды. Сессия жұмысына қала әкімі Жандос Тасов қатысты.

Сессияны қалалық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Арман Басаров жүргізді.

Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды: Кентау қалалық білім бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы; Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2025 жылғы қызметі; Қалалық мансап орталығының 2025 жылы атқарған жұмыстары; “Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” ММ-нің 2025 жылғы атқарған жұмыстары.

Аталған мәселелер бойынша тиісті сала басшылары баяндама жасап, есеп берді. Депутаттар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, жұмыспен қамтуды күшейту, білім сапасын көтеру және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағытында нақты міндеттер жүктелді.

Айта кетейік, күн тәртібіндегі барлық мәселелер бұған дейін қалалық мәслихаттың бюджет және бірлескен тұрақты комиссияларының отырысында жан-жақты талқыланып, пысықталған.

Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, алдағы кезеңге нақты жоспарлар белгіленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1191097?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version