КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚАСБЕТТЕРІН РЕТТЕУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың тапсырмасына сәйкес, қала аумағындағы кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбетін жақсарту, санитарлық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету және абаттандыру жұмыстарын жүйелеу мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылған.

Қала әкімінің орынбасары Болысбек Шәріпбеков және аталған жұмысшы топ мүшелері қала көлемінде орналасқан кәсіпкерлік нысандарды аралап, нысан иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру барысында қолданыстағы заңнама талаптары, нысандардың қасбеттерін біріздендіру, сыртқы жарнама талаптарын сақтау, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары мен жауапкершілік мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, кәсіпкерлерге белгіленген талаптарды сақтау қажеттілігі жөнінде ресми хабарламалар табысталып, анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою қажеттігі ескертілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1190985?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version