КЕНТАУДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАРОКАМЕРА КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қаласында ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау бағытындағы маңызды жоба жүзеге асырылды. Қаладағы «Дара бала» дамыту орталығына «Samruk-Kazyna Trust» қайырымдылық қорының қолдауымен заманауи барокамера аппараты орнатылып, пайдалануға берілді.

Жаңа медициналық құрылғыны салтанатты түрде табыстау рәсіміне қала әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы, Кентау қалалық мәслихатының төрағасы Қаблан Елеусізов, сондай-ақ қор өкілі – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ әлеуметтік жұмыс жөніндегі департаментінің бас менеджері Бахыт Иманғалиев қатысты.

Шара барысында жиынға қатысушылар ерекше балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған мұндай жобалардың маңыздылығына тоқталып, демеушілік қолдау көрсеткен ұйымдарға алғыстарын білдірді.

Орнатылған барокамера аппараты – оттегі терапиясын жүргізуге арналған заманауи құрал. Ол ағзадағы қалпына келу үдерістерін жеделдетіп, иммундық жүйені күшейтуге, сондай-ақ түрлі аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ерекше балалардың оңалту шараларының тиімділігін арттырып, олардың өмір сапасын жақсартуға ықпал етпек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1190979?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version