КЕНТАУДА “МӨЛДІР БҰЛАҚ” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қаласында «ТазаLike» экологиялық фестивалі аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акция ұйымдастырылды.

Аталған шараның басты мақсаты – табиғи су көздерін қорғау, өзен-көлдердің тазалығын сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

Акция барысында қала аумағындағы су арналары, бұлақ көздері мен су жағалаулары қоқыстан тазартылып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілді.

Іс-шараға қала тұрғындары, еріктілер, мекеме қызметкерлері мен жастар белсене қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Нәтижесінде, 20-ға жуық арнайы техника жұмылдырылып 1000-нан астам адам тартылды. Жалпы 10 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Кентау қаласының тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және экологиялық мәдениетті бірге қалыптастыруға шақырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1191085?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version