Бүгін мәслихат аппаратының қызметкерлері белгіленген талаптарға сәйкес декларация тапсыру науқанына белсенді түрде қатысты. Бұл шара ашықтық пен есептілікті арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі адалдық қағидаттарын нығайтуға бағытталған.
Декларация тапсыру барысында ұжым мүшелері өздерінің кірістері мен мүліктері туралы мәліметтерді заңнама талаптарына сай ұсынды. Аталған рәсім сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғам сенімін арттыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Мәслихат ұжымы алдағы уақытта да заң талаптарын қатаң сақтай отырып, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету бағытында жұмыстарын жалғастыра береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1190264?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау